Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
ашық дереккөзі
Шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеуді заңсыз жүргізген қылмыстық топ ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап. Қылмыстық топтың құрамына «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері мен өзге де тұлғалар кірген. Олардың әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана прокуратурасымен бірлесіп анықтаған. Ведомство мәліметінше, қылмыстық топ қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік көліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсынып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлікті заңсыз тіркегені анықталды. Әрбір көлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған.
«Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған»,  - делінген хабарламада.
ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының «Web-модуль» сервистік орталығы» ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған автомашиналар туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан.
«Соттың санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынды. Мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған азаматтардың ақшалай қаражатын күдіктілер ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсады», - делінген хабарламада.
Аталған адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде азаматтар мен мемлекетке 1 млрд теңгеге төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде залал келтірілді. Бүгінгі күні іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталған. Тергеу жалғасып жатыр.