Қызылорда тұрғыны базарда 1 млн 700 мың теңгесін жоғалтып алды

Қызылорда тұрғыны базарда 1 млн 700 мың теңгесін жоғалтып алды

Қызылорда тұрғыны базарда 1 млн 700 мың теңгесін жоғалтып алды
ашық дереккөзі
Қызылорда тұрғыны базарда 1 700 000 теңгесін жоғалтып алып, Instagram желісінде тауып алғандар болса қайтаруды сұрады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін, 8 желтоқсанда сағат 9-дан өте «Мирас» сауда үйі мен «Асдекор» дүкенінің арасына 1 700 000 теңге көлемінде ақша түсіп қалған. Тапқан адамға сүйіншісі бар. Алған адам қайтарып беруіңізді сұраймын. Болмаса, құзырлы органдарға жүгінеміз», - делінген kritikakyzylordy-парақшасында жарияланған хабарландыруда.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оларға мұндай өтінішпен ешкім хабарласпағанын хабарлады, деп жазды tengrinews.kz.
«Іс тіркелген жоқ», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.