Жаңалықтар

Мемлекет басшысының жаңа көмекшісі тағайындалды

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысының жаңа көмекшісі тағайындалды

Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», - делінген Жарлықта.