Қазақстанның Литва, Албания және Болгариядағы Елшілері тағайындалды

Қазақстанның Литва, Албания және Болгариядағы Елшілері тағайындалды

Қазақстанның Литва, Албания және Болгариядағы Елшілері тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Литва, Албания және Болгариядағы Елшілерін тағайындады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлығымен: Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бүгін, сондай-ақ, Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.