Қазақстан Антарктидада ғылыми станция ашуға ниетті

Қазақстан Антарктидада ғылыми станция ашуға ниетті, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қазақстандық ғалымдар экология және океанология салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізуді мақсат етіп отыр. Қазақ географиялық қоғамының өкілдерінің айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін алдымен Антарктида жөніндегі келісімге кіру қажет.

Бүгінде Антарктида жөніндегі келісімге әлемнің 12 елі ғана мүше екен. Келісімге мүше елдердің қатарында Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Қытай секілді мемлекеттер бар. Сол себепті де, Оңтүстік полюстегі құрлықты зерттеуге тек осы мемлекеттер ғана құқылы.

«Көптеген елдер Антарктиданы зерттеуге үлкен қызығушылық танытып жатыр. Себебі ол бүгінде ешкімнің меншігінде емес. Сондықтан,  Антарктида туралы келісімге кіре отырып, олар өздерінің ғылыми жұмыстарын жүзеге асыруда. Сондықтан ең бірінші мүше болып кіріп алу, содан кейін бар тәжірибені пайдаланып, білім жинау – бұл біздің бірінші міндетіміз. Үлкен істің бірінші қадамдары осындай кішігірім істерден басталуы керек»,  – дейді «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясы штабының ғылыми қызметкері Арман Баймұхамедов.

Back to top button