Алматы әкімі нашақорлар жиналатын үйді бұзуды тапсырды

Алматы әкімі нашақорлар жиналатын үйді бұзуды тапсырды

Алматы әкімі нашақорлар жиналатын үйді бұзуды тапсырды
ашық дереккөзі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында жауапты адамдарға 2016 жылы өртеніп кеткен үйді бұзуды тапсырды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ерболат Досаевпен кездесуге арнайы келген Медеу ауданының тұрғыны осыдан 6 жыл бұрын өртеніп, қаңырап бос тұрған үй мәселесін көтерді. Оның айтуынша, ол жер үй-күйсіз жүргендердің түнеп, нашақорлар жиналатын орынға айналған.

«Черкасская оборона, 13 мекенжайындағы үй 2016 жылдың қазан айында өртеніп кетті. Тұрғындарды басқа жаққа көшірді. Ал үй болса, қаңырап бос қалды. Аумақтан бірнеше рет мәйіт табылды және 12 рет өрт шықты. Сізден сұрайтыным, сол үйді сүріп тастаңыздаршы», - деді тұрғын.
Алматы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорнының өкілі инвесторлар іздестіріліп жатқанын айтты. Ал Ерболат Досаев дереу нысанды бұзуды қолға алуды тапсырды.
«Күрделі құрылыс кәсіпорнының есебінен өздерің бұзуларың керек. Қаражат бар ғой? Бұзыңдар, сосын инвестор іздеңдер», - деді қала әкімі.