Каспий жағалауында итбалықтардың өлексесі табылды

Каспий жағалауында итбалықтардың өлексесі табылды

Каспий жағалауында итбалықтардың өлексесі табылды
ашық дереккөзі
Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде итбалықтардың өлексесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Әзербайжан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері теңізде мониторинг жүргізді. Биоәртүрлілікті қорғау қызметінің басшысы Фируддин Әлиевтің айтуынша, іс-шаралар барысында Хачмаз ауданында, Истису ауылы маңында, Тиканлыоба, Сейдли және Набран ауылдарында барлығы 17 итбалық өлексесі табылған.
«Әзербайжанның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандарымен бірлесіп итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін өлекселерден сынамалар алынады. Қосымша ақпарат халыққа жеткізіледі», - деді ол.