Түрік депутатына қастандық жасалды

8 желтоқсан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Түрік депутатына қастандық жасалды Белгісіз ер адам Түркияның Yenilik партиясының жетекшісі, депутат Өзтүрік Йылмазға пышақ сұғып алды деп хабарлады turkystan.kz. «Оқиға партияның Анкарадағы штаб-пәтерінде болды. Өзтүрікпен кездесуге келген ер адам оның оң аяғына екі рет пышақ сұғып алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Ал жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды», - делінген хабарламада. Шабуылдан кейін күдікті қашып кеткен, қазір оны полиция іздеп жатыр.