Астанада 23,5 мың әлеуметтік пәтер салынды

Астанада 23,5 мың әлеуметтік пәтер салынды

Астанада 23,5 мың әлеуметтік пәтер салынды
ашық дереккөзі
Астанада жастарға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды деп хабарлады turkystan.kz. Сондай-ақ тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың да санаты кеңейтілді. Кейінгі жылдары Астанада 23,5 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынған. Мәселен, 2018 жылы - 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы - 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020-2022 жылдары 20,5 мың әлеуметтік пәтер салынған. Бұдан бөлек, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, қауіпті тұрғын үй кешендерін жөндеу, апатты күйдегі әрі тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмысы жүріп жатыр. Кейінгі үш жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы қоныс аударды. Тағы 300-ден астам отбасыны көшіру жоспарланып отыр. Айта кетейік, «Елорда Даму» бағдарламасы басталғалы бері апатты үйлерден 4200 отбасы қоныс аударды.