Жаңалықтар

Елімізде «Дала қырандары» жастар қоғамдық ұйымы құрылды

ашық дереккөзі

Елімізде «Дала қырандары» жастар қоғамдық ұйымы құрылды

Астана қаласында «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жиынға «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры Ербол Мырзабосынов, жоба кординаторы Мәди Рымжанов, «Қазақстан барысы» әрі «Дала қыраны» титулының иегері Мұхит Тұрсынов және бокстан үш дүркін Әлем чемпионы Фируза Шәріпова қатысты. Іс-шараның шымылдығын ашқан жас ұйымның директоры Ербол Мырзабосынов бірлестіктің бүгінгі күннің сұранысы бойынша дүниеге келгенін тілге тиек етті. Біз, еліміздің спортшылары бірлесіп, «Дала қырандары» жастар қоғамдық ұйымын құрдық. Бұл бастамаға жыл басындағы келеңсіз оқиғалар, қазіргі жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдікдіктің белең алуы, олардың теріс ағымдардың жетегінде кетуі себепші болды. «Дала қырандары» жастарға арналған тәрбиелік алаң. Біз бүгінгі жас өрендердің болмысын «спортқа, елге» деген сүйіспеншілік, жауапкершілік, әділеттік принциптерінің көмегімен қалыптастырмақпыз. Біздің мақсатымыз – жастардың басын бір шаңырақтың астында біріктіру, олардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайды жасау, ел мен қоғам үшін игі істерге бастамашы болу, – деді Ербол Қуантайұлы. Басшының айтуынша, алдағы уақытта жер жерде «Дала қырандарының» орталықтарын ашу жоспарланяп отыр. Алғашқы орталық Астана қаласында пайдалануға беріледі. Қазір нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерде коворкинг, жаттығу залдары, кітапхана болады, яғни жастарымыздың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалады. Орталықта әр салада жоғары жетістікке жеткен танымал спортшылармен, ғалымдармен және тағы басқа тұлғалармен кездесу мүмкіндігіне ие болады. Бұндай орталықтар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде ашылмақ.