Жаңалықтар

Астанада 900-ден астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылды

ашық дереккөзі

Астанада 900-ден астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылды

Елорданы қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар "Астана - жайлы қала" мастер-жоспары аясында жүргізілді деп хабарлады turkystan.kz. Астанада қала тұрғындары мен қонақтар бос уақытын жайлы әрі денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын жаңа тартымды орындар ашылды. Соңғы жылдары елордада 900-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды: көпір асты кеңістіктер, "Театр" бульвары ("Жастар" сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейін), "Demalys promenade", құтқарушылардың, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған гүлзарлар, көше спорты колизейі ашылды. Мәселен биыл қалада Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында амфитеатр, қаланың оң жағалауында тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, "Встреча" СҮ жанындағы қоғамдық кеңістік, "Бейбітшілік және келісім" саябағы, қалалық алаң, желекжолдар және т.б. салынды).