Футболдан Испания құрамасына жаңа бапкер келді

Футболдан Испания құрамасына жаңа бапкер келді

Футболдан Испания құрамасына жаңа бапкер келді
ашық дереккөзі
Испания футбол федерациясы Луис де ла Фуэнте елдің ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұрын Луис де ла Фуэнте Испанияның жасөспірімдер және жастар құрамаларымен жұмыс істеген. Ол жұмысын Катардағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін бастайтын болады. Бұл қызметте бұрынғы  Луис Энрикенің болды. Ол Катарда өткен мундиалдың 1/8 финалына шыққаннан кейін қызметінен кетті. Де ла Фуэнтенің басшылығымен Испания құрамасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Айта кетейік, футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Испания өз тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңінде Мароккодан жеңіліп қалған еді.