Қазақстандық теннисші әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Қазақстандық теннисші әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Қазақстандық теннисші әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті
ашық дереккөзі
Қазақстандық Алан Құрманғалиев пен мысырлық Хана Года Тунисте өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті деп хабарлады turkystan.kz. Отандасымыз үстел теннисінен жұптық сында алғаш рет жүлделі орынға ие болғалы отыр. Құрманғалиев пен Года аралас жұптық сынның 1/8 финалында Энрике Риос/Карина Сенага Ширай (Пуэрто-Рико/Бразилия) жұбын 3:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда олар француздар Натан Лам/Гаэтана Блэдадан басым түсті. Финалға шығу үшін Алан мен Хана жапониялық Рин Менде және Такуми Танимото жұбымен кездеседі.