Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бірқатар облыс әкімін қабылдады

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы бірқатар облыс әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыс әкімдерін қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым Жомарт Тоқаевқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. Бұдан кейін Мемлекет басшысының қабылдауында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров болды. Ол өңірді дамыту жоспары мен берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді.