Астанада кейбір жанармай бекеттеріндегі өнім талапқа сай болмай шықты

Астанада кейбір жанармай бекеттеріндегі өнім талапқа сай болмай шықты

Астанада кейбір жанармай бекеттеріндегі өнім талапқа сай болмай шықты
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астананың жанармай құю бекеттерінде бензиннің сапасын тексерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында Астана қаласындағы «Sinooil» ЖШС-ның (Қорғалжын тас жолы, 116, Кравцов көшесі, 8), «Новая АЗС» ЖШС-ның (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Compass» АЖҚС), «Газпром нефть Казахстан» ЖШС-ның (Бөгенбай батыр даңғылы, 24), «Ойл» ЖШС-ның (С. Сейфуллин көшесі, 63/4), «Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС (Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) автомобильге жанар-жағармай құю станцияларындағы автомобиль бензині мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізді. Сынақ зертханалары автомобиль бензинінің 13 сынамасын зерттеді, оның ішінде бензиннің 3 сынамасы (23%): - «Газпром-Омский НПЗ» АҚ өндірген («Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, С. Сейфуллин көшесі, 63/4), - «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі күкірттің құрамы; - «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі бензолдың көлемдік үлесі «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы» 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді. Сондай-ақ, дизель отынының 5 сынамасы тексерілді, оның ішінде отынның 1 сынамасы (20%) «Ачинский нефтеперерабатывающий завод ВНК» ААҚ өндірген (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Новая АЗС» АЖҚС) отынның тұтану температурасы 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді. Сәйкес келмейтін бензинді өткізудің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.