Жаңалықтар

Жері байдың елі неге бай емес?

ашық дереккөзі

Жері байдың елі неге бай емес?

Пайдалы қазба дегенде ел байлығы, ха­лық игілігі деген бейнелі тіркестер қо­са айтылады. Жеріміздегі кен қо­ры­ның молдығы бұлжымас мақтаныш аргу­мен­тіне айналған, оған негіз де жоқ емес, әри­не. Әйтсе де, құқықтық жағынан да, мора­ль­дық тұрғыдан да өзіне тиесілі байлықтың игі­лігін халық қаншалықты көре алып отыр? Көре алып отыр ма? Жер қойнауындағы байлық қалай игеріліп жа­­тыр, кім игеріп жатыр? Халыққа тиісті үлес қан­шалықты әділ үлестіріледі? Заңда не ай­тыл­ған? Экология министрлігінің 2021 жыл­ғы ақ­па­ра­тында пайдалы қаз­балардың мемлекеттік ба­лансында 8 мың­нан астам кен орны тіркелгені ай­­­ты­лады. Оның 910-ы – қатты пайдалы қаз­балар, 3 мыңнан астамы – кең тарал­ған пайдалы қаз­ба­лар деген мәлімет бар. Дәл осы жылы министрлік гео­логиялық бар­лау аясында 2020 жылы алғаш рет мем­лекеттік балансқа 20 кен орны қойыл­ғанын, еліміздің пайдалы қазба­лар қоры кеңейгенін мәлімдеген бола­тын. Атап айтқанда, 111,5 тонна алтын, 55,4 мың тонна уран, 13,8 млн тонна те­мір кені және 31,7 млн тонна мұнай. – Жер қойнауын пайдалану­шы­лар­дың геологиялық барлау жұмыстарының нә­тижесінде 2020 жылы алғаш рет мем­лекеттік балансқа 20 кен орны қойылды. Со­ның ішінде қатты пайдалы қазбалар – 9, көмірсутек ши­кі­за­ты – 6, жерасты су­лары – 5, – деп айтылған ресми мә­лім­­де­меде. Ал 2022 жылғы ресми ақпаратта еліміздегі кен орындарының жалпы саны 8 711 екені нақтыланған.