Екібастұздағы апат сыбайлас жемқорлықпен байланысты ма? – Антикор жауабы

Екібастұздағы апат сыбайлас жемқорлықпен байланысты ма? – Антикор жауабы

Екібастұздағы апат сыбайлас жемқорлықпен байланысты ма? – Антикор жауабы
ашық дереккөзі
Екібастұзда жылумен жабдықтауға қатысты төтенше жағдай, негізінен, саладағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа байланысты болды. Бұл туралы Антикордың Алдын алу қызметі басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Atameken Business сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, басқа қазақстандық кәсіпорындар жұмысында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалады. Олар Семей, Тараз және Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Көбінесе жемқор шенеуніктер ақылы түрде коммерциялық нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосқан, бұл бүкіл жүйеге әсер етеді.
«Мәселен, Семей қаласында «Жылукоммунэнерго» коммуналдық кәсіпорнының қарыздарын жабуға және жылумен қамту нысандарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінеді, бірақ бұл оң нәтиже бермей отыр. Сыйақыға кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларға осы орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық жағдай жасайды. Нәтижесінде қуат төмендейді, жылу шығыны артады. Соның салдары – көпқабатты үйлердегі суық және ыстық судың жоқтығы. Бұл әр өңірде байқалады», - дейді Саян Ахметжанов.
Еске салайық, қарашаның аяғында жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуынан Екібастұз қаласы түгел дерлік жылусыз және ыстық сусыз қалды.