Жаңалықтар

«Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабы жарыққа шықты

ашық дереккөзі

«Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабы жарыққа шықты

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында араб, парсы және шағатай тілдерінің маманы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түріктану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері – Зәріпбай Жұманұлы Оразбайдың «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» кітабының таныстырылымы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек модератор болды. Кітап бірнеше еңбектердің жиынтығынан құралған және онда сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп, тіршілік еткен, түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен «қазақ» деп аталған халықты құраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тыныс-тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекендеген атақоныстары, бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы тың деректер қамтылған.