Жаңалықтар

Қазақстанда несие мониторингінің жаңа жүйесі енгізілмек

ашық дереккөзі

Қазақстанда несие мониторингінің жаңа жүйесі енгізілмек

Жаңа жүйе «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша кішігірім несие алған кәсіпкерлердің табысын және жұмыспен қамтылудың көлеңкелі жағын қадағалауы тиіс, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы экономикалық саясат бойынша Кеңесінің отырысы барысында. «Кішігірім несие алған кәсіпкерлердің табысы мен жұмыспен қамтылудың көлеңкелі жағын қадағалау мақсатында кішігірім несиелеудің барлық кезеңдері бір тұтаспен байланысты болады.

Еңбек пен жұмыспен қамту нарығы бойынша денсаулық сақтаудың ақпараттандырылған жүйесі қаржы министрлігі мен екінші дәрежедегі банктердің ақпараттандырылған жүйесіне қарай біріктіріледі. Біз осылайша несиені жабу бойынша бизнес-үдерісіндегі ашықтықты қамтамасыз ете алатын боламыз»,- дейді Светлана Жақыпова. Сондай-ақ, вице-министр жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізінен ауылды жерлерде тұратынына тоқталды. «Ресми дерек бойынша шамамен 458 мың адам жұмыссыз болып табылады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,6 млн адамды құрайды, олардың ішінде 1,7 млн адам ауылды жерлерде тұрады. Бүгінгі таңдағы «Жұмыспен қамту жол картасының» негізгі мақсаты осы 1,7 млн адамды белсенді кәсіпкерлік қызметке тарту. Мәселенки, бағдарлама шеңберінде кішігірім несие алуға үміттенген тұлғалар үшін заңнама мен бизнес-жоспарын құру бойынша жергілікті жерлерде оқыту семинарлары өткізіледі»,- деді вице-министр. Сонымен қатар, бүгінгі күні 30 мың ауылдықтардың кәсіпкерлік бойынша оқудан өткенін, олардың 28 мыңының кішігірім несие алып, 27 мың жұмыс орнының құрылғанын атап өтті.