Петропавлда пәтер өртеніп, екі әйел ауруханаға түсті

Петропавлда пәтер өртеніп, екі әйел ауруханаға түсті

Петропавлда пәтер өртеніп, екі әйел ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Петропавлдағы өрттің салдарынан екі әйел улы газбен уланып, ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Өрт 2022 жылы 7 желтоқсанда орын алды. Пушкин көшесі, 43 үй мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі отқа оранған. Өрт кезінде 25 адам эвакуацияланды. Бес адам өрттен құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы (1974 және 1942 жылы туылғандар) орташа ауырлық деңгейінде екенін айтады.