Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторында күдікті өз-өзіне қол салды

Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторында күдікті өз-өзіне қол салды

Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторында күдікті өз-өзіне қол салды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Талғар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында ұсталған азамат асылып өлді деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Талғар ауданының полиция басқармасы қызметкерлері 3 желтоқсан күні ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Оны аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамады.
«5 желтоқсанда шамамен сағат 13:55-те күдікті уақытша ұстау изоляторының камерасында өз-өзіне қол жұмсады», - делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қайтыс болу фактісі  Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Қазір қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.