Азия чемпионатында топ жарған елордалық ескек есушілер елге оралды

Азия чемпионатында топ жарған елордалық ескек есушілер елге оралды

Азия чемпионатында топ жарған елордалық ескек есушілер елге оралды
ашық дереккөзі
Спортшыларымызды кеше Астана-1 темір жол вокзалынан туған-туысқандары және спорт саласының бірқатар өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Тайланд қаласындағы Паттайя жағажайында 29 қараша мен 4 желтоқсан күндері аралығында жастар арасында ескек есуден Азия чемпионаты өткен болатын. Оған әлемнің 19 елінен – Вьетнам, Қытай, Үндістан, Гонконг, Иран, Жапония, Өзбекстан, Тайпей, Индонезия, Тайланд, Ирак, Корея, Сауд Арабиясы, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка, Сомали елдерінен жас спортшылар қатысты. Олар алты күн бойы жекелей сында және командалық топта бақтарын сынады. Қазақстан құрамасы атынан 24 спортшы қатысты. Олардың қатарында Астана қаласының спортшылары да бар. Елордалық ескек есушілер Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, алтын мен қола медаль еншіледі. Жастар тобында сынға түскен жерлестеріміз Тимур Фомичев мен Ярослав Мельников екі бұрылмалы айналым бойынша бірінші орын иеленді. Ал Қазақстан экипажының құрамында болған елордалық Медина Коңырбаева төрт бұрылмалы айналым бойынша үздік үштіктен көрінді. Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын және екі қола медаль бар.