Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы-2025» грантын екі рет ұтып алған кәсіпкер

ашық дереккөзі

«Бизнестің жол картасы-2025» грантын екі рет ұтып алған кәсіпкер

Қазақстанда жаңадан іс бастаймын деген кәсіпкерлерге мемлекет қайтарымсыз гранттарды тағайындаған. 5 миллион теңге қаржы алған кәсіпкерлердің бірі – Шынар Қалиева. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша грант алуға конкурс жариялағанын естіген ол тәуекел етіп, құжаттарын тапсырады. Жолы болып, алған қаржыға наубайхана ашқан. Тренингтердің бірінде Шынар Арман Ақбердиев есімді адаммен танысады. Ол кісіден Астана қаласының әкімдігі «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша грант алуға конкурс жариялағанын естиді. «Әлеуметтік осал топқа жататын адамдарға жеңілдіктер барын да Арманнан білдім. Тамақтану өндірісі бойынша білімімді арттырып, наубайханаға қажетті құрылғыларды зерттей бастадым. Бизнес-жоспарды жазуға «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының менеджері көмектесті. Барлық құжаттарды тапсырып, нәтижесін күттік. Мем­лекеттік грантты ұтып алғандардың тізімінде аты-жөнімді көргенде қуаныш­тан жылап жібердім. Байқау әділ өтті деп толық сеніммен айта аламын», – деді кәсіпкер.