Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Павлодар облысының әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Асайын Қуандықұлы Байханов 1977 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды. Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған. Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы кредит сарапшысы ретінді тағылымдамадан бастап, EBRD Бағдарламасының Алматы қаласындағы бас офисінің жаңа банк өнімдерін енгізу бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. 2020 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және спорт мәселелеріне жетекшілік етті. 2021 жылғы 19 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды.