Арли Чонтей әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Арли Чонтей әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Арли Чонтей әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
ашық дереккөзі
Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей ауыр атлетикадан Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар арасынан жарыс жолын бірінші болып бастап, төртінші орынды қанағат етті деп хабарлады turkystan.kz bassport.kz сайтына сілтеме жасап. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей жұлқа (118 келі) және сілке (141 келі) көтеру нәтижесінде жалпы 259 келі зілтемірді бағындырып, қолаға қол созым жерде жарыс жолын аяқтады. Бұл салмақта 265 келіні (117+148) бағындырған таиландтық Тхирапонг Силачай алтын иеленсе, вьетнамдық Сон Дин Нго – 260 (117+143) келімен күміс еншіледі. Ал дәл осындай 260 келіні (115+145) бағындырған оңтүстіккореялық зілтемірші Ким Йонгхо қолаға қол жеткізді. Айта кетейік, ауыр атлетикадан биылғы әлем чемпионатында ел намысын 13 спортшы қорғап жатыр.