Жаңалықтар

Қызылордада «Жасампаз шақ – жастық шақ» форумы өтті

ашық дереккөзі

Қызылордада «Жасампаз шақ – жастық шақ» форумы өтті

Қызылорда облысында түрлі салада табысты қызмет атқарып жүрген жастар «Жасампаз шақ – жастық шақ» форумында бас қосты деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға білім, ғылым, медицина, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнер және спорт саласындағы белсенділер қатысты. Сонымен қатар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форумда жастармен еркін бағытта пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады. Аймақ басшысы жастардың озық идеяларына негізделген арнайы көрмені аралап, өз кәсібін бастаған, инновациялық идеяларды іске асыруға ниетті оқушылар мен студенттердің жобаларын көрді. Кешкі кездесуде «Аслан Films» киностудиясының директоры, кинопродюссер Жасұлан Алдабергенов, «Бала Орда» бағдарламасының авторлары Мақсат Серікбаев және Сәуле Қалыбай және ғалым Нұрбол Аппазов киноиндустрия және жаңа медиа, білім мен ғылым саласын дамытуда өзіндік идеяларымен бөлісті. Форумда жас ақындар Мақсат Дауылбай мен Мөлдір Айтбай өлең оқып, «АДС» тобы және Жарасхан Төлебай өнер көрсетті.