Ауыр атлетика: биыл әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Ауыр атлетика: биыл әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Ауыр атлетика: биыл әлем чемпионатына кімдер қатысады?
ашық дереккөзі
Колумбияның астанасы Богота қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Бұл додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет күш сынасады. Олардың арасында Арли Чонтей (55 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Бектай Асылжан, Денис Уланов (89 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Әлішер Сейітқазы (96 кг), Нұрғиса Әділетұлы (96 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Артем Антропов (102 кг), Айша Омарова (81 кг), Айым Есжанова (87 кг) мен Любовь Ковальчук (87 кг) бар. Әлем чемпионаты Астана уақытымен «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде сағат 3:30-6:00 аралығында көрсетіледі. 7 желтоқсан, 06:00-де – 55 келіге дейін (А тобы) Арли Чонтей; 10 желтоқсан, 01:00-де – 73 келіге дейін (В тобы) Алексей Чуркин, сағат 3:30-да – 67 келіге дейін (А тобы) Анатолий Савельев; 12 желтоқсан, сағат 1:00-де – 89 келіге дейін (В тобы) Асылжан Бектай, Денис Уланов; сағат 3:30-да – 81 келіге дейін (А тобы) Еламан Сейітқазы; 13 желтоқсан, сағат 1:00-де – 96 келіге дейін (В тобы) Әлішер Сейітқазы; сағат 03:30-да – 96 келіге дейін (А тобы) Нұрғиса Әділетұлы; 14 желтоқсан, сағат 01:00-де – 76 келіге дейін (В тобы) Арай Нұрлыбекова; 06:00-де – 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов; 14 желтоқсан, сағат 22.30-да – 81 келіге дейін (С тобы) Айша Омарова; Сағат 22:30-да – 87 келіге дейін (В тобы) Айым Есжанова; 15 желтоқсан, сағат 22:30-да – 87+ келі (В тобы) Любовь Ковальчук.