Шуда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар сотталды (ВИДЕО)

Шуда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар сотталды (ВИДЕО)

Шуда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар сотталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шу қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 3 жылдан 8,2 жылға дейін бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz. Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты. Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен жергілікті 8 тұрғынға қатысты 3 жылдан бастап 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Еске сала кетейік, 7 мамыр, түнгі сағат 01.30 шамасында Шу қаласындағы вокзал маңындағы алаңда полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды көрсетуді талап еткенде, жүргізуші мен көлікте болған белгісіз адам полиция қызметкерлерінің талаптарын орындаудан бас тартқан. Олар полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, шабуыл жасай бастаған. Сонымен қатар жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзады. Олар полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіріп, қаруларын тартып алмақшы болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @zhambyl_police