ӘЧ: ширек финалда ойнайтын барлық құрама анықталды

ӘЧ: ширек финалда ойнайтын барлық құрама анықталды

ӘЧ: ширек финалда ойнайтын барлық құрама анықталды
ашық дереккөзі
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 1/4 финалға өткен барлық құрама анықталды деп хабарлады Turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Плей-офф кезеңінің төртінші күні ширек финалға Марокко мен Португалия өтті. Африкалық команда 1/8 кезеңінде Испанияны пенальти сериясында 3:0 есебімен ұтып кетті.  Осылайша 10 желтоқсан марокколықтар әлем чемпионаты тарихында алғаш рет ширек финалда ойнайды, қарсыласы – Португалия. Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда бір-біріне қарсы ойнайтын үш құрама анықталған болатын: Хорватия – Бразилия (матч 9 желтоқсанда), Нидерланды – Аргентина (10 желтоқсан) және Англия – Франция (11 желтоқсан).