Екібастұзда барлық үйге жылу берілді – Үкімет

Екібастұзда барлық үйге жылу берілді – Үкімет

Екібастұзда барлық үйге жылу берілді – Үкімет
ашық дереккөзі
7 желтоқсан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, зардап шеккен барлық үйге жылу берілді. Бұл туралы жедел штаб басшысы, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды. Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдырып жатыр», - деді Роман Скляр.
Белгілі болғандай, соңғы күндері болған оқиғалар салдарынан гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бар жұмысты қиындатқан.
«Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз», - деді ол.