Жаңалықтар

Павлодар облысында жарылыс болды

ашық дереккөзі

Павлодар облысында жарылыс болды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап. Салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ауруханада. Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Асүй мен кіреберіс опырылып түскен. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді.