Екібастұз тұрғындары 2 ай жылуға ақша төлемейді

Екібастұз тұрғындары 2 ай жылуға ақша төлемейді

Екібастұз тұрғындары 2 ай жылуға ақша төлемейді
ашық дереккөзі
Апат салдарынан жылусыз қалған пәтер иелері қараша-желтоқсан айлары үшін жылуға ақша төлемейді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал мәлімдеді. «Қазір көпшілікті жылу ақысына қатысты мәселе алаңдатаны белгілі. Біз осы жерде мынаны айтқымыз келеді: төтенше жағдай кезінде жылусыз қалған үй иелері қараша және желтоқсан айлары үшін жылуға ақша төлемейді. Ал жылу жүйесінен толық ажыратылмаған, бірақ жылу дұрыс берілмей, пәтерлері суық болғандардың жылу үшін төлемдері қайта қаралады», - деді Бағдат Орал. Айта кетейік, соңғы дерекке сай, қаладағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 мекенжайындағы үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.