Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі: Туған тілімді алты айда үйреніп аламын

ашық дереккөзі

Ұлттық экономика министрі: Туған тілімді алты айда үйреніп аламын

Жаңадан тағайындалған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өзінің жаңа қызметі туралы ойларымен бөлісті. Министр қазақ тілін ұмытып қалғанын да жасырмай айтты деп хабарлайды newtimes.kz.

"Өзіңе дейін бұл орында кім отырғаны маңызды емес. Бастысы - өзіңе тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен орындау. Басшылықтың тапсырмасын адал атқару керек. Сондай-ақ, өз қызметкерлеріңмен де адал болған жөн. Сол кезде бәрі жақсы болады", - деді Сүлейменов.

Cондай-ақ, жаңа министр өзін тым жас сезінбейтінін айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары оның ең жас  министрлердің бірі екенін жазған болатын. Сүлейменов өзінің 17-18 жылдық жұмыс тәжірибесі бар екендігін алға тартып, министр болу үшін осы жастың да жеткілікті екенін айтқан.

Министр өзінің туған тілін ұмытып қалғанын да жасырмады: "Мәскеуде бес жыл бойы қызмет етіп, туған тілімді ұмытып қалдым. Бірақ алты ай ішінде үйреніп аламын", − дейді Т.Сүлейменов.