Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады

Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады

Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады
ашық дереккөзі
Қазақстан футбол федерациясы 2034 жылға дейінгі қазақстандық футболды дамыту Стратегиясы аясында өңірлерде футболды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру мақсатымен Ұлытау облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
Өңірдегі футболды дамытудағы маңызды құжатқа Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Жезқазған қаласында қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – Ұлытау облысында футболды қолдау және дамыту. Сонымен қатар екі тарап бұқаралық футбол бойынша бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыруға ниетті. Облыс әкімі аймақтық футбол федерациясын ашып, балалар футбол орталығы мен кәсіби клуб құру жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ, футбол инфрақұрылымын жақсарту және жергілікті футбол мамандарын, оның ішінде жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі мәселелерді шешу қажеттігі туралы да атап өтті. Осы міндеттерді шешу үшін өңірде футболды дамыту стратегиясы әзірленбек. Өз кезегінде, Қазақстан футбол федерациясы жыл бойы бұқаралық футболдан спорттық жарыстар жүйесін ұйымдастыруға, сарапшыларды шақыра отырып, жергілікті мамандар үшін білім беру процестерін ұйымдастыруға, сондай-ақ медиа және маркетинг саласында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.