Қостанай облысында 32 әйел ауыл әкімі болып сайланған
Қостанай облысында 32 әйел ауыл әкімі болып сайланған
Қостанайда AMANAT партиясының Саяси менеджмент академиясы мен облыстықтық филиал 200 әйелдің басын қосқан ауқымды форум өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Ашық диалог алаңын кәсіби журналист, продюсер, қоғамдық және бұқаралық коммуникациялар бойынша медиа – тренер Ғазиза Райымбек жүргізді.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева саясаттағы әйелдердің рөлі туралы ой қозғады.
Қазір қыз-келіншектер өмірдің әр саласында өз орындарын тауып, жақсы жетістіктерге жетуде. Әйелдерді қолдауға арналған түрлі қауымдастықтар бар. Біздің мақсат – Үкімет тарапынан жасалып жатқан іс-шараларды кеңінен түсіндіру. Бұл форум өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, - деді Екатерина Смышляева.