Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

Қостанай облысында 32 әйел ауыл әкімі болып сайланған

Қостанайда  AMANAT партиясының  Саяси менеджмент академиясы мен облыстықтық филиал 200 әйелдің  басын қосқан ауқымды форум өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Ашық диалог алаңын кәсіби журналист, продюсер, қоғамдық және бұқаралық коммуникациялар бойынша медиа – тренер Ғазиза Райымбек жүргізді.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева саясаттағы әйелдердің рөлі туралы ой қозғады.

Қазір қыз-келіншектер өмірдің әр саласында өз орындарын тауып, жақсы жетістіктерге жетуде. Әйелдерді қолдауға арналған түрлі қауымдастықтар бар. Біздің мақсат – Үкімет тарапынан жасалып жатқан іс-шараларды кеңінен түсіндіру. Бұл форум өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, – деді Екатерина Смышляева.

Қостанай облысында 32 әйел ауыл әкімі болып сайланған

Қостанай ауданы, Жуковка ауылын жаңғырту әлеуметтік бағдарламасының үйлестірушісі Асия Юсупова ауылды жерде  кәсіп ашу, өз-өзіңді дамыту мүмкін емес деген теріс пікірлердің барын айтты. Ол өз сөзінде  Қостанай ауданы Жуковка ауылын жаңғырту жобасымен таныстырды.

«Жұмыс істеймін,  өзімнің тұрмыс жағдайымды жақсартамын, өсіп, өркендеймін деген қыз-келіншектер үшін жағдай жасап отырмыз. Біздің Жуковка ауылында көпбалалы аналар үшін баспана беріп, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар. Бүгін, не ертең келсеңіздер де болады. Есігіміз ашық», – деді ол.

AMANAT  партиясының облыстағы Атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина әйелдердің партиядағы үлесі  мен  саясатқа деген бетбұрыс  жайын айтты.

«Әйелдің қоғамдағы беделі мен рөлін арттыру, әйел тұлғасының табысты дамуы үшін жағдай жасау – AMANAT партиясының басты назарында. Қазіргі уақытта Қазақстанда саясаттағы әйелдердің үлесі артып келеді. Мәселен, облыстағы партияластардың 50 пайыздан астамын әйелдер құрайды. Өңірде 32 әйел ауыл және округ әкімдері қызметін атқарып отыр», – деді ол.

«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Татьяна Булгацевич  әйел денсаулығы жайлы сөз қозғады.

Ал қаржылық сауаттылық жайлы коуч, бизнес–тренер Исабай Есмағамбетов айтып берді.

Жалпы, форумда бас қосқан облыстағы қыз-келіншектер ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button