Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

6 желтоқсан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады», - делінген хабарламада.