Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады», - делінген хабарламада.