Жексенбі, 5 Ақпан, 2023

Алматыда жоғалған 9 жасар қыз табылды

Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін таңертең Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы – балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде, Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.

Айта кетейік, Алматыда бүгін полиция сағат 07:40-тан 9 жасар Айша Тимурды іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және қарапайым адамдар жұмылдырылды.

Алматыда жоғалған 9 жасар қыз табылды

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button