Жаңалықтар

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

ашық дереккөзі

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz. «Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі. Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.