Жаңалықтар

«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Халықаралық волонтерлер күні елордада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Бұл сыйлық 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тағайындалды. Ол әлеуметтік бағыттағы және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілерге беріледі. Биыл 42 ерікті мен волонтерлер ұйымы жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов волонтерлер коронавируспен күрес кезінде, Арыстағы, Мақтааралдағы, Әулиекөлдегі, Екібастұздағы оқиғалар барысында қазақстандықтарға алғашқылардың бірі болып көмек көрсеткенін атап өтті.