Алматыда 9 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Алматыда 9 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Алматыда 9 жасар қыз іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Полиция бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен 9 жасар Айша Тимурды іздестіріп жатыр. Бұл туралы turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Барлық полиция жасақтары бағдарланған. Іздеуге Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар жұмылдырылған. Қыз арықтау келген, шашы қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Жоғалған қыздың арқасында қызыл сөмке болды. Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе «102» нөміріне дереу хабарлауға шақырады.