Астанада КамАЗ жүк көлігі LRT қоршауына соғылды (ВИДЕО)

Астанада КамАЗ жүк көлігі LRT қоршауына соғылды (ВИДЕО)

Астанада КамАЗ жүк көлігі LRT қоршауына соғылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Астана қаласында «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі  рөлді басқара алмай, LRT қоршауына соғылды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиғаның видеосы Instagram-дағы Astanovka98 парақшасында жарияланды. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 5 желтоқсан күні сағат 12:20 шамасында болған. Апаттан зардап шеккендер жоқ.
«КамАЗ маркалы көлігінің 31 жастағы жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатып, жол жамылғысын ескермей және рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, оны зақымдаған (бағанасы бүлінбеген)», – деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметі.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Полиция көлік иелерін көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)