Астанада «Troubled times» тарихи романының таныстырылымы өтті

Астанада «Troubled times» тарихи романының таныстырылымы өтті

Астанада «Troubled times» тарихи романының таныстырылымы өтті
ашық дереккөзі
6 желтоқсан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының 80 жылдығына орай тұңғыш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Troubled times» («Тар кезең») тарихи романының таныстырылымы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Романның алғашқы тарауы – 1992 жылы жазылып, соңғы нүктесі 2012 жылы қойылған. Сырым батыр бейнесі мен сол дәуірдің қайшылықты оқиғалары туралы баяндалған «Тар кезең» тарихи романына 2014 жылы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Кітаптың тұсаукесеріне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, публицист және аудармашы, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин және танымал ағылшын аудармашысы Саймон Холлингсуорт, ақын Ұлықбек Есдәулет, «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, «Túrkistan» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағұл батырдың ұрпағы Сабыржан Сағидоллаұлы сынды зиялы қауым өкілдері және студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты. Айта кетсек, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы Р.Акутагаева, С.Моэм, Ги де Мопассан, Д.Фонвизин, басқа да шетелдік қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Жазушыға 2002 жылы Байғанин ауданының құрметті азаматы атағы берілді. 2003 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.