Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 15 грант ұтып алды

Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 15 грант ұтып алды

Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 15 грант ұтып алды
ашық дереккөзі
Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадада жүлделі орынға ие болған қазақстандық мектеп оқушылары 15 білім грантын иеленді деп хабарлады turkystan.kz. Финалдық тур 4-5 желтоқсанда Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті. Олимпиадаға жыл сайын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден, сондай-ақ Еуропа мен Азиядан 1 000-ға жуық бала қатысады. Биыл еліміздің әр өңірінен 100-ден астам бала зияткерлік сайыстарда Қазақстанның намысын қорғады.
«Оқу-ағарту министрлігі дарынды балаларды қолдау мақсатында осы олимпиаданы жыл сайын өткізеді. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша, еліміздің әр өңірінің 7-11-сыныптарының оқушылары жеңіске жетті. Атап айтқанда, 1-орынды 9 оқушы, 2-орынды 12, 3-орынды 21 оқушы жеңіп алды. Барлық жеңімпаз, соның ішінде басқа елдерден келгендер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Ең көп ұпай жинаған 15 оқушы Қазақстан-Британ техникалық университетінің грантын жеңіп алды», - деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.