«Өте аз импорттаймыз»: Серік Жұманғарин күріш бағасына қатысты пікір білдірді

«Өте аз импорттаймыз»: Серік Жұманғарин күріш бағасына қатысты пікір білдірді

«Өте аз импорттаймыз»: Серік Жұманғарин күріш бағасына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кейбір сауда желілерінде күріштің келісі 275 теңгеден сатылып жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Супермаркеттерде 275 теңге тұратын күріш бар, әр түрлі сауда желілерін аралап жүріп азық-түлік жиынын сатып алсаңыз, тіпті «А» класындағы дүкендер желісі арасындағы құн айырмашылығын сезінесіз», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары Қазақстанда 550 мың тонна күріш өндірілген. Биыл 507 мың тонна күріш өндіру жоспарланыпты.
«120 мың тоннаға жуық экспорттадық, өте аз импорттаймыз. Биыл 10 айда 76 мың тонна экспорттадық. Бүгінде 250 мың тоннадай қорымыз бар. Ай сайынғы тұтыну 80 мың тоннаға жуық болса, ешқандай қауіп жоқ», - деп түйіндеді министр.