Екібастұзда тағы бір жылу құбыры жарылды

Екібастұзда тағы бір жылу құбыры жарылды

Екібастұзда тағы бір жылу құбыры жарылды
ашық дереккөзі
Екібастұз қаласындағы апатты жою жөніндегі жедел штаб аймақтағы ахуал туралы мәлімет ұсынды. Екібастұздың 6, 5а және 5б шағынауданында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Апатты жою жөніндегі штаб басшысы – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың хабарлауынша, 6 желтоқсан күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізілуде. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бүгін таңғы сағат 04:30-да №6 шағынаудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП 63, диаметрі 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 54, 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды, құбырды сағат 14:00-ге дейін жөндейді.