Жаңалықтар

«Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды

ашық дереккөзі

«Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды

«Жас саясаткер мектебі» бір апталық оқыту курсы аяқталды. Алғашқы лекке еліміздің барлық өңірінен 50 адам қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Оқытудың соңғы күнінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысушылармен кездесті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл наурыз айынан бастап Академия саяси кадрларды даярлау ісінің жаңа тәсілдерін енгізе отырып, өз жұмысын түбегейлі өзгертті. Бұдан былай, кадрлар тек онлайн режимде ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да оқытылады. Негізінен, оқыту жұмысы өңірлерге барып өткізіледі. Мысалы, сайлау алдында Академия базасында 30 мыңнан астам байқаушы оқытылды. Бұған дейін біз екі мыңнан астам ауыл әкімін оқыттық. Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқыту бағдарламасын іске қостық. Оқыту процесі тоқтамайды. Партиялықтардың үздіксіз дамуына, заманауи білімге, дағдыға ие болуына мүдделіміз», - деді Асхат Оралов. Семей қаласынан келген қатысушы Қорлан Туғамбаева болса, алған білімі оған мансап құруға көмектеседі деп санайды. Еске сала кетейік, Қазақстанның барлық өңірінен конкурстық негізде 50 қатысушы іріктеліп, олар бір апталық қарқынды оқыту курсынан өтті. Бұл – көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер.