Бүгін бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды
ашық дереккөзі
Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұдан басқа, Абай облысында да 6 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді. Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.