Екібастұзда төтенше жағдай режимі қашан алынады?

Екібастұзда төтенше жағдай режимі қашан алынады?

Екібастұзда төтенше жағдай режимі қашан алынады?
ашық дереккөзі
Екібастұз қаласында апатқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі сақталып тұр деп хабарлады Turkystan.kz.
«Төтенше жағдай режиміне сәйкес барлық жұмыс біткен соң тиісті шешім қабылданады», - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.
Одан бөлек, шаһар басшысы қиын жағдайда қолұшын созып жатқан барлық азаматқа алғысын айтты.
«Көмегін ұсынып жатқан қала және ел тұрғындарына мың алғыс. Өте көп қоңырау келіп түсуде. Жанашыр жандардың қолдауын сезіп жатырмыз. «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы жанынан гуманитарлық штаб құрылды. Көмектің дені сонда келіп жатыр», - деді ол.